Күшті эссені қалай жазу керек?

Егер сіз белсенді түрде бағдарламаларды іздеп немесе жоғарғы оқу орнына түсу үшін дайындалып жатсаңыз, бәлкім, қазірдің өзінде оқуға құжат тапсырудың маңыздылығын түсінген шығарсыз. Оның құрамдас бөліктерінің әрқайсысы сіздің белгілі бір қасиеттеріңіздің көрінісі болғанымен де бір бөлігі өзгеден мағыналығы бойынша артық емес. Осы жолы біз ең ауқымды бөліктердің біріне, яғни, эссе туралы сөз қозғағымыз келеді.



Көбінесе эссе дегеніміз - емтихан алушыларға/қабылдау комиссиясына сізді тұлға тұрғысынан көруге мүмкіндік беретін ақпарат: сіз үшін шабыт көзі не, сізді не қызықтырады, қандай оқиғалар сізге әсер етті және басқалары. Бірақ сіздің ойыңыз бен ұстанымыңызды шынайы көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар сізді басқа үміткерлер ағымынан ерекшелей алатындай етіп жауап беру өте қиын. Біз өз кезінде бізге алуантүрлі бағдарламаларға қатысуға көмектескен бірнеше кеңестерді ұсынамыз.

Эссе жазуға ұсыныстар
1
Адал болу
Сіздің сөйлеу мәдениетіңіз қаншалықты көркем болса да, жылдар бойы мыңдаған эссе оқыған адамдарға сіздің көзбояушылығыңызды анықтау қиын болмас. Бұл сұрақтарға адал жауап беруге тырысыңыз, себебі сізден дәл сол талап етіледі - сіздің кім екеніңіз және қалай ойлайтыныңызды жеткізу. Сонымен қатар, сіз тұла бойыңызбен сенетін ойлар күніне мың рет кездестіретін татымсыз тіркестерден әлдеқайда салмақты көрінеді.


2
Сұрақтың астарына жетіңіз
Кейде қандай сұрақ қойылатынын түсіну оңай - мұнда олар сіздің хоббиіңіз туралы сұраса, бұл жерде сізге үлгі болатын адам жайлы және тағы басқалар туралы сұрақ қояды. Алайда, түбіне жету қиын тақырыптар да бар. Мысалы, сіз уақыт машинасымен не істер едіңіз? Бір қарағанда, ғылыми фантастикадан бастау алған ғажайып концепт пен көшбасшылық жайлы бағдарламаның тоғысатын жері жоқ сияқты. Бұл эссе сіздің басымдықтарыңызды көрсетеді - сіз не істер едіңіз? Тарихтың бағытын өзгерту үшін өткенге сапар шегесіз бе әлде сізді ғасырлар өткеннен кейін әлемнің қандай екені қызықтыра ма? Оқиғалар желісін өзгертуге дәтіңіз бара ма? Сіздің шешіміңіз қаншалықты қисынды әрі өзіндік ерекшелікке ие? Сәл ойланып, өзіңізді оқырманның орнына елестетіп көріңіз - ол қандай жауапты оқығысы келеді? (Алайда, бірінші пункті естен шығармаған жөн).


3
Әр сөздің салмағы болады.
Эссе бергенде, олар әрдайым сөздердің санын шектейді. Олар 100, 200, тіпті 600-700 сөзден тұруы мүмкін. Сіз осы форматқа бейімделіп, тек мағыналы заттар жайлы жазуды үйренуіңіз керек. Шектеу небары 100 сөз болғанда, түкке тұрмайтын дүние туралы жазудың мәні неде, оданша неге бірден маңызды ойдан бастамасқа? Сондай-ақ, анық және бір мәнді болуға тырысыңыз - сіздің көзқарасыңыз оқырман үшін бейтаныс болуы мүмкін. Сіздің эсселеріңіз тез оқылады, сондықтан әсер қалдыру үшін өз ойларыңызды мүмкіндігінше анық және айқын жеткізуіңіз керек.


4
Мұқият таңдаңыз.
Оқиғалардың өте ұзақ сериясы сізді қазіргі күйіңізге әкелді, бірақ олардың әрқайсысын егжей-тегжейлі сипаттаудың қажеті жоқ (сөздердің шектеулі санына байланысты). Ең маңызды оқиғаны, адамды, тақырыпты немесе жадты таңдап, жазыңыз. Бұл қысқа, бірақ шын мәнінде маңызды болар еді.


Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні қандай? Эссе - кез-келген бағдарламаның өте қиын кезеңі және оған күш салу қажет. Ол қабылдау комиссиясының мүшелеріне барлық тапсырған құжаттардың астында көмілген тұлғалық қасиеттер жайлы айтуға және сіздің жекешілігіңізді көрсетуге көмектеседі. Оны ондаған рет қайта жазудан қорықпаңыз. Ең бастысы, оны аяқтағаннан кейін сізді қанағат сезімі бөлесе, сол жеткілікті. Сіздің жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!


Step to the future 2020
This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website